Спорт және туризм
Головкиннің командасы Альвареспен кездесу өтпей қалған жағдайдағы жоспарын жариялады
- author «Ақ жол»
- 26 наурыз, 2018
- 678
Головкиннің командасы Альвареспен кездесу өтпей қалған жағдайдағы жоспарын жариялады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері (37-0-1, 33 КО) Том Леффлер Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесу өтпей қалған жағдайдағы жоспарын жариялады.
5 мамырдағы кездесу нақты өтеді деу қиын. Алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы «Канелоны» кездесуден шеттетсе, оның орнына басқа қарсылас тағайындалады. Мәселен, оның орнына америкалық былғары қолғап шебері Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) шығуы мүмкін. Головкин былтыр онымен кездесу өткізген болатын.
«Том Леффлердің маған айтуы бойынша, GGG 5 мамыр күні «Канеломен» болсын, басқасымен болсын, кездесу өткізуге ниетті. Мен Джейкобсты көндіру керек деп отырмын. Ол 28 сәуір күні Мацей Сулецкимен (26-0, 10 КО) рингке шықпақшы» деп жазады ESPN сарапшысы Дэн Рафаэль Твиттерде. Дереккөз: inform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




