
26 наурызда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады; жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде нөсер құяды. Тек елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Республиканын оңтүстік бөлігінде кей жерлерде найзағай ойнайды. Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с-ға жетуі ықтимал.
Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, күндіз көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейуі күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі. Түнде Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады; желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі, таңертең және күндіз найзағай ойнайды.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады; желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Дереккөз: baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Халықаралық жастар фестиваліне өтінім қабылдау басталды
- 22 сәуір, 2025
Тоқаев Астана қаласындағы «Жастар» саябағында ағаш екті
- 21 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- Бүгін, 12:32
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді