Спорт және туризм
Арман Рысбек қарсыласын бір минут ішінде нокаутқа түсірді
- author «Ақ жол»
- 25 наурыз, 2018
- 724
Арман Рысбек қарсыласын бір минут ішінде нокаутқа түсірді
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Арман Рысбек кәсіпқой рингте үшінші жеңісін тойлады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Спорт порталының хабарына қарағанда, 27 жастағы Рысбек Буэнос-Айрестегі (Аргентина) бокс кешінің аясында жұдырықтасқан. Оған жергілікті боксшы Хонатан Эзекиель Агирре қарсылас болды. Жекпе-жек бірінші раунда-ақ аяқталды, қазақстандық өз қарсыласын бір минутқа жеткізбей жеңген. Бастапқыда аргентиналық нокдаунда болған, кейін қазақстандық оған соққысын үдетіп, ақыры төреші кездесуді тоқтатқан. Рысбек осылайша үшінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Айта кетсек, бұған дейінгі жекпе-жегін қазақстандық осы қалада жеті күн бұрын өткізген.
Дереккөзі:tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




