Тараз қаласында велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Аталған доданы Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитеті, Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстанның Велосипед түрлері спорт федерациясы және облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Чемпионаттың ашылу салатанатында облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов сөз сөйлеп, спортшылар мен жиналған көпшілікті облыс әкімінің атынан Наурыз мерекесімен құттықтады. Ол еліміздегі және өңіріміздегі спорт саласының жетістіктерін айта келіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Кейін Велосипед түрлері спорт федерациясының бас хатшысы Тұлпар Мансұров велошабандоздарға жылы лебізін арнады. Басқосуда өңірдің велоспорт саласына еңбек сіңірген бірқатар ардагерлерді облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков марапаттады. Сондай-ақ ерлер және әйелдер арасында жүзден жүйрік шыққан алғашқы жеңімпаздарға дипломдар табыс етілді. Атап айтқанда, 25 шақырымдық жарыс жолында ерлер арасында Солтүстік Қазақстан облысының велошабандозы Степан Астафьев алтыннан алқа тағынса, тараздық Дінмұхамед Ұлысбаев күміс жүлдеге қол жеткізді. Алматы облысының спортшысы Юрий Натаров үздік үштікті түйіндеді. 20 шақырымдық бәйгеде әйелдер арасында астаналық Марина Курносова мәре сызығын алғаш боп кесіп, чемпион атанды. Қызылордалық Жания Сейтова күміс, Алматы облысының спортшысы Фаина Потапова қола жүлдені олжалады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




