Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға сотталды
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге қатысты үкім шығарды.
Айыпталушы 2004 жылы "ТұранӘлем"банкінің (БТА-банк) басшысы Ержан Тәтішевты өлтірді деп танылып, 10,5 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді.
Барлығы Ержан Тәтішевтың өліміне қатысты сотта 132 куәгерден жауап алынды. 80 жуық куәгер сотқа қатысқан. Қылмыстық істің материалдары 79 томды құрады.
Мемлекеттік айыптаушылар Мұратхан Тоқмадиді 12 жылға соттауды сұраған болатын.
8 наурыз күні кешке Мұратхан Тоқмади Тараздағы облыстық ауруханадан қашып кеткен. Бірнеше сағаттан кейін ол ұсталып, тергеу изоляторына тоғытылды.
Бұрын хабарланғандай, Мұратхан Тоқмади 2017 жылдың қазанында бопсалау мен қарудың заңсыз айналымы үшін үш жылға сотталған болатын.
Түрмеде отырған Мұратхан Тоқмади 2004 жылы "ТұранӘлем" банкінің (БТА-банк) басшысы Ержан Тәтішевты Мұхтар Әблязовтың өтініші бойынша өлтіргенін мойындады.
Ұқсас жаңалықтар
Үш базар толық жаңғыртудан өтпесе, жұмысын тоқтата ма?
- 6 желтоқсан, 2025
Қыдыр дарыған Қыдырәлі
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




