Спорт және туризм
«Қазақстан Барысы» турнирiнiң сыйақы қоры 5 млн. теңгеге ұлғайды
- author «Ақ жол»
- 25 маусым, 2014
- 793
«Қазақстан Барысы» турнирiнiң сыйақы қоры 5 млн. теңгеге ұлғайды
«Қазақстан Барысы» турнирiнiң сыйақы қоры 5 млн. теңгеге ұлғайды. Бұл туралы бүгiн жоба авторы Арман Шораев мәлiм еттi.
«Ақпан айында теңге бағамы өзгергенiн жақсы бiлесiздер. Бiз турнирдiң сыйақы қорын сол қалпында 150 мың АҚШ доллары шамасында қалдырдық. Теңгемен санайтын болсақ, оның көлемi 5 млн. теңгеге артты», - дейдi ол.
Оның айтуынша, турнир барысында көрермендер арасында автокөлiк ойнатылатын болады.
Еске салайық, «Қазақстан Барысы» 2010 жылдан берi өткiзiлiп келедi. Биыл дода Астанада 29 маусымда өтпек. Боз кiлемде елдiң әр түкпiрiнен келген 28 ең мықты палуан күш сынасады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




