Спорт және туризм
Испания мундиальдағы соңғы матчында жеңiске жеттi
- author «Ақ жол»
- 24 маусым, 2014
- 729
Испания мундиальдағы соңғы матчында жеңiске жеттi
Бразилияда футболдан әлем чемпионатында В тобының аутсайдерлерi Испания мен Австралия құрамалары кездестi.
Топта бiрде-бiр ұпай жинай алмаған қос команда ең соңғы ойындарын өткiзген болатын. Бұл ойында Испания құрамасы Австралияны 3:0 есебiмен жеңiп кеттi.
Бiрiншi таймда Давид Вилья есеп ашса, екiншi таймда 69-минутта Фернандо Торрес көзге түстi. Ал матчтың соңында Хуан Мата есептi 3:0-ге жеткiздi.
Айта кетейiк, бұл топта нидерландықтар 9 ұпаймен бiрiншi орынды еншіледі. 6 ұпай жинаған Чили құрамасы плей-оффқа жолдама алды. Ал Испания бiр жеңiсiмен топтан шыға алмады. Австралия 0 ұпаймен көш соңында қалды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




