Футболдан әлем чемпионатының үшiншi турында Мексика Хорватия құрамасын 3:1 есебiмен ойсырата жеңдi. Бiрiншi таймда қос құрама да өте сақ ойнады. Есесіне екiншi таймда мексикалықтар үсті-үстіне шабуылдады. Матчтың 72-минутында Рафаэль Маркес есеп ашып, мексикалық жанкүйерлерді қуанышқа бөледі. Шабыттанған "ацтектер" 75-минутта екiншi голды салды, оның авторы - Андрес Гуардадо. Ал 82-минутта Хавьер Эрнандес есептi 3:0-ге жеткiздi. Төртiншi голды соғуға асыққан Мексика құрамасы 87-минутта өз қақпаларына гол өткiзiп алды. Перишич гол жібермей келе жатқан мексикалық қақпашы Очоаның көрсеткiшiне тоқтам салды.
Хорваттарды тiзе бүктiрген Мексика құрамасы 7 ұпаймен финалдық бәсекелерге жолдама алды. Айта кетейiк, бразилиялықтар А тобында 7 ұпай еншiлеп, бiрiншi орынмен плей-оффқа шықты. Ұпайдан кемшiн түскен Хорватия мен Камерун үйлерiне қайтатын болды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




