Спорт және туризм
"Канелоның" допингі Головкинді тоқтатпайды - Абель Санчес
- author «Ақ жол»
- 13 наурыз, 2018
- 534
"Канелоның" допингі Головкинді тоқтатпайды - Абель Санчес
Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қарымта жекпе-жек өткізуге қазақстандық боксшының не ынталандырып тұрғанын айтты.
Жекпе-жек 5 мамырға белгіленіп, Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтуі керек болатын. Алайда жекпе-жекке екі ай қалғанда мексикалық боксшының қанынан кленбутерол атты допинг табылды.
Санчестің сөзінше, бұл оқиға Головкиннің ынтасын жоғалтқан жоқ. Сонымен бірге, олар қорытынды тексеру кезінде мексикалық қаны таза болып, қарымта кездесу өтеді деген үмітте.
"Канелоның" допингі Головкиннің ынтасын жоғалтқан жоқ. Меніңше, оны жұдырықтасуға ынталандырып отырғаны - алғашқы жекпе-жектегі әділетсіздік. Ол жеңіп тұрғанымен, жеңімпаз атағын бермеді. Қазір оны ынталандырып отырғаны осы. Мен "Канело" таза болып, жекпе-жек өтеді деген үміттемін. Сол кезде біз кімнің күшті екенін көрсетерміз", - дейді Санчес FightHub TV арнасына берген сұхбатында.
Дереккөз:tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




