ВТБ бірыңғай лигасында сынға түсіп жүрген «Астана» баскетбол клубы Мәскеудің «Химки» командасын қабылдап, 84:79 есебімен басым түсті. Михаил Карпенко жаттықтырғалы қазақстандық команданың нәтижесі жақсара түскені көңіл қуантады. Әр кездесу өткен сайын «Астананың» ойын жүйесі өзгергені бірден аңғарылады. Аталмыш бапкердің жетекшілігімен «Астана» командасы соңғы бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп отыр. Ойын барысында «Астана» баскетболшыларының жанарынан жеңіске деген құштарлық анық аңғарылып тұрды. Команда сапындағы үздіктер әрбір эпизодты өз пайдасына шешуге тырысып бақты. Команданың белді ойыншылары Малькольм Грант пен Ике Удано тамаша нәтижеге қол жеткізді. Екеуі де 16 ұпайдан қоржындарына салды. Осылайша қазақстандық команда турнир кестесіндегі жағдайын түзеп келеді. Енді елордалық клуб 18 наурыз күні түзде «Нижний Новгород» клубына қарсы алаңға шығады. Елордалық баскетболшылар «Химкимен» кездесуден бұрын ел кубогін ұтып алған болатын. Кубоктік бәсекедегі шешуші ойында атыраулық командадан айласын асырған астаналық ұжым ресейлік командаға қарсы жақсы көңіл-күймен ойнағаны талас тудырмайды.
Табиғат Абаилдаев
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




