БАҚ өкілдері «Қазақстандық Месси» атап кеткен Жамбыл футболының түлегі Еркебұлан Сейдахмет Ресей премьер-лигасының кезекті турында «Уфа» сапында жасыл алаңға шықты. Бұл, әрине, тарихи сәт. Екінші кезең басталған сәтте Еркоштың алаңға шығуымен «Уфаның» ойыны жанданды. «Анжи» қақпасына үш гол соққан «Уфа» ойыншылары 3:2 есебімен жеңіске жетті. «Уфа» сапында 10-нөмірмен ойнаған қазақ баласы 2 голдық шабуылға қатысты. Жерлесіміз жейдесіне есімін «Еркош» деп жаздырыпты. Ол ойын барысында қарсылас команданың футболшысымен ерегісіп те үлгерді. Сары қағаз да иеленді. Осылайша ойынның аяқталуына екі минут қалғанда алаңдағы орнын босатты. Еркош Ресей премьер-лигасында жасыл алаңға шыққан тұңғыш 2000 жылғы футболшы ретінде тарихи рекорд орнатып отыр. Бұған дейін Ресей премьер-лигасының ең жас футболшысы 1996 жылдың 16 желтоқсанында дүниеге келген Магомед-Шапи Сулейманов еді. Ойын аяқталғаннан кейін «Уфаның» бас бапкері Сергей Семак қазақ футболшысы туралы ойымен бөлісті. «Кей сәттерде қарсыласқа қысым көрсету тұрғысынан тәжірибесі жетпеді. Әрине, бұл қорғанысқа көңіл бөлген кезде орын алды. Ал Еркош шабуыл өтінде өте жақсы ойнады. Екі бірдей нәтижелі шабуылға қатысты. Ризамын. Біз Еркоштың жас болғанына қарамастан, футболшы ретінде өз ісінің шебері екенін білеміз. Алғаш рет алаңға шығу кімге де болса қиын. Сондықтан ол өз жұмысын тамаша орындады деп бағалаймын. Команданың үш ұпай иеленуіне қомақты үлес қосты», – деді Сергей Семак жамбылдық жампоз жайында.
Табиғат Абаилдаев
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




