Назым Қызайбай ресейлік боксшыны жеңді
Ақмола облысындағы Щучинск қаласында Марина Вольнова жүлдесіне өтіп жатқан турнирде бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (51 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Қызайбай ресейлік Гелюса Гадиеваны 5:0 есебімен жеңді.Осы салмақтағы Жайна Шекербекова да Жазира Орақбаевадан дәл осындай есеппен басым түсті.
2010 жылғы Азия чемпионы Мадина Нұршаева (69 келі) Гүлдана Қалмұратты, Дариға Шәкімова (75 келі) Сәния Айтжанованы, Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) Нұржанат Тілеуімбетованы жеңді.
Турнирге Қазақстан, Вьетнам, Үндістан, Украина, Қырғызстан, Қытай Тайбэйі және Ресей сияқты жеті мемлекеттің боксшы қыздар қатысуда. Дереккөз: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




