Спорт және туризм
Азия чемпионаты: Санаев Қазақстанға екінші «алтын» алып келді
- author «Ақ жол»
- 4 наурыз, 2018
- 287
Азия чемпионаты: Санаев Қазақстанға екінші «алтын» алып келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында қазақстандық Нұрислам Санаев (61 келі) алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Шешуші айқаста спортшымыз жапондық Казуя Коянагиді 6:2 есебімен ұтты. Еске салайық, Қазақстан үшін алғашқы «алтынды» 3 наурыз күні Дәулет Ниязбеков алып келген болатын. Бүгін сондай-ақ бозкілемге шыққан Данияр Қайсанов (74 келі) - қола, Азамат Дәулетбеков (86 келі) қола медальдар еншіледі. «Алтын» үшін күрескен Әділет Дәулімбаев (92 келі) ирандық Мохаммаджавад Ибрахимизивлаеге есе жіберіп қойды. Ол Азия чемпионатының "күмісін" місе тұтты. Ал 125 келіге дейінгі салмақ санатында 1/8 финалға шыққан Дәулет Шабанбай жарыстан шығып қалды.
Дереккөз:kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді