Ақтау қаласында еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының біріншілігі өтті. Аталмыш додаға еліміздің әр қиырынан өз салмақ дәрежесінде атой салып жүрген кілең мықты саңлақтар қатысып, жарыс көркін қыздырып бақты. Жалпы алғанда ел чемпионаты тартысты белдесулерге толы болды. Екі жүзге жуық сайыпқыран топқа түскен дуы басым додаға біздің облыстан 16 спортшы қатысып, жүлде жолында жанталасты. Әрине, Ақтау төрінде төселген бозкілемде барлық балуандарымыз қатарынан оза шапты дей алмаймыз. Өйткені ел біріншілігіне кез келген спортшы жеңіс тұғырынан көрінуге барады. Ал бәсі биік жарыста қарсыластар аянып қалмасы белгілі. Әйтсе де жамбылдық оғландар Қазақстан чемпионатынан үш жүлдемен оралып отыр. Білікті бапкер Руслан Сексенбаев жаттықтыратын өңір сайыпқырандарына ел чемпионатында екі алтын жүлде бұйырды. 92 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен Юнус Гафуров өзінің нағыз бабында екенін бозкілемде дәлелдей білді. Әр белдесуде қарсыластарының осал тұсын таба білген Юнус алтын жүлдені мойнына іліп, мерейі тасыды. Сондай-ақ 110 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен Ислам Тагиров та білгенінен жаңылмай, чемпион атанды. Ал 48 килограмм салмақтағы саңлағымыз Дәулет Әмірхан қола жүлдені қанағат тұтты.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




