Езутартар
Күйік Журналистің әйелі күйеуіне : – Осы сендер жұртқа баспасөз бетінен «арақ ішпеңдер» дегенде бәледейсіңдер, ал өздерің неғып ішесіңдер?
– Күйіктен.
– Қайдағы күйік?
– Ақылымызды алмаған соң, күйеміз де... Жуу Ішіп келген журналист әйеліне ақтала:
– Бүгін бізде кім қонақ болғанын білесің бе? – деді.
– Кім?
– Анау «пәленше» деген ақиық ақынның өзі. Біздің газетке өлеңі шыққан еді, соны жудық...ық..ық...
Ертесіне күйеуі тағы ішіп келеді.
– Ой, бүгін «түгенше» деген атышулы жазушының әңгімесін жудық... ық..ық...
Келесі күні тағы да мас болып келген күйеуіне:
– Тағы да ақын-жазушыларың келді ме?
– Жоқ, енді өзімнің әңгімем шықты.
Ық...ық... Естірту Мен сіздерге бір тамаша мақала алып келдім, соны шығарсаңыздар екен. Қаламақысы өздеріңізде қалсын. Жуғаным болсын, сыра алып ішерсіздер.
– Жарайды, оқып көрейік. Тастап кетіңіз.
Ертесіне әлгі кісі редакцияға хабарласады:
– Кешіріңіз, менің мақалам не болды?
– Өкінішке қарай, сыра іше алмайтын болдық. Лажсыздық Журналист түннің бір уағында жедел жәрдемге хабарласады.
– Алло, дәрігер, өтінемін, тезірек жетіңізші, кішкентай қызым қаламсабымды жұтып қойды.
– Астапыралла, не дейді? Енді не істеп отырсыз?
– Не істеуші едім, лаж жоқ, қарындашпен жазып отырмын.
Аударғаным бар, өзімнің қосқаным бар, сәлеммен Бақытжан Советский.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді