Егемен ел атанып, айдарымыздан жел есіп жүрген шақта Тоқтар Әубәкіров ағамыз ғарышқа ұшып, бүкіл қазақ атаулы бөркін аспанға атқан қуанышты сәт. Сол күні қазақ ұлтының өкілі тарихта тұңғыш рет ғарышқа жол тартқанына қуанып, қатты сілтеңкіреп жіберіппіз. Ғарышқа ұшқан–Әубәкіров, жуып жатқан–біз. Содан ертесіне түні бойы ішкен ішкілік өтіп кетіп, гараж сыртында өзіме-өзім келе алмай құсып отырғанмын. Осы сәтте «тарихи сәтті» бірге тойлаған досым Сахып Әбдірәсілов үйге телефон шалып, мені сұрапты. Телефон тұтқасын көтерген әйелім Шеберкүл: – Иә, Құдайға шүкір, халі жаман емес. Жұрттың күйеуі жерді айналып ұшып жүр, ал менің күйеуім үйді айналып құсып жүр, – деген екен.
Мұхтар Рахманқұлов.
Ұқсас жаңалықтар
Мамыргүл жұлғандар да енді айыппұл төлеуі мүмкін
- Бүгін, 16:19
Базарларда «ұйымдасқан топтар» әрекет етеді
- Бүгін, 15:58
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




