Ұлан Қонысбаев "Ақтөбе" футбол клубына ауысты
«Ақтөбе» футбол клубы өзінің ресми сайты арқылы 20 футболшымен келісімшартқа отырғандығын жариялады. Олардың арасында Ұлан Қонысбаев та бар. 2016 жылы маусым айында Қытай құрамасымен өткен жолдастық кездесуде ауыр жарақат алған футболшымыз, бұйыртса, биыл «Ақтөбенің» намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ «Ақтөбе» жанкүйерлеріне жақсы таныс Маркос Пизелли де қайтып келіпті. «Ақтөбе» үшінші оқу-жаттығу жиынында «Calista» қонақ үйіне тұрақтаған болатын. Сол жерде Армения құрамасының намысын қорғайтын жартылай қорғаушымен де келісімшартқа отырыпты. 33 жастағы Пизелли 2014 және 2015 жылдары ақтөбеліктердің белді ойыншыларының бірі болған. Қазақстан премьер-лигасында 50-ден астам ойын өткізіп, 13 гол соққан.
Дереккөз: sportsffa.kz
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




