Спорт және туризм
Арман Рысбек алғашқы жекпе-жектен кейін-ақ әлемдік рейтингке енді
- author «Ақ жол»
- 26 ақпан, 2018
- 382
Арман Рысбек алғашқы жекпе-жектен кейін-ақ әлемдік рейтингке енді
Беделді BoxRec.com сайты қазақстандық кәсіпқой боксшы Арман Рысбектің (1-0, 1 КО) профилін жаңартты.
Арманның кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі екі рет кейінге шегерілген болатын. Ақыры жақында АҚШ-тың Киссимми қаласында америкалық Джон Морхауспен кездесу өткізді. Ол да кәсіпқой боксқа алғаш шығып тұрған боксшы. Бұл жекпе-жек әуелде 4 раундқа жоспарланғанымен, бірінші раунда қазақстандық былғары қолғап шеберінің жасаған нокаутымен аяқталған болатын.
Кездесу қорытындысы бойынша BoxRec Арманды рейтингте орта салмақ санаты бойынша 982-орынға қойыпты. Ал бұл дивизионда жалпы 1053 боксшы бар. Айта кетейік, бұл салмақ рейтингінде 4 чемпиондық белдігі (WBA Super, WBC, IBF, IBO) бола тұра Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) екінші тұр. Ал бірінші орынға мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жайғасқан. Дереккөз: inform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Қазақ жігіті Америкада топ жарды
- 11 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді