Спорт және туризм
АҚШ құрамасы Португалиядан бiр ұпайды жұлып алды
- author «Ақ жол»
- 23 маусым, 2014
- 773
АҚШ құрамасы Португалиядан бiр ұпайды жұлып алды
Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында АҚШ командасы португалиялықтармен тең ойнады.
Бұл ойында сөзсiз Португалия құрамасы фаворит болған. Осы атақты олар бiрiншi таймда 5-минутта-ақ ақтап, ойында есеп те ашқан болатын. Оның авторы - Нани.
Дегенмен, екiншi таймда 63-минутта америкалық футболшы Джермейн Джонс есептi теңестiрсе, 81-минутта Клинт Дэмпсей өз құрамасын алға шығарды. Алайда бұл есептi олар ұстай алмады, 95-минутта Варела есептi 2:2-ге жеткiздi.
Осылайша G тобында АҚШ командасы сенсациялық жағдайда 4 ұпаймен Германиямен бiрге көш бастауда. Одан кейiн 1 ұпаймен Гана мен португалдықтар тұр.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




