Бокстан КСРО спорт шебері, ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Кеңес Омаровты еске алуға арналған былғары қолғап шеберлерінің халықаралық турнирі мәресіне жетті. «Тараз–Арена» спорт кешенінде өткен додаға Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыз Республикаларынан, сондай-ақ еліміздің барлық облысынан 206 саңлақ қатысып, жүлде жолында жанкештілік танытты. Осынау аламанға өңірімізден 22 сайыпқыран топқа түсіп, оның алтауы ойдағыдай нәтижеге қол жеткізді. Шаршы алаңда қарсыластарының мысын басқан 56 килограмм салмақ дәрежесіндегі үш өреніміз де жүлдегерлер қатарынан көрінді. Аталмыш салмақта жұдырықтасқан Бибарыс Жексен дода жеңімпазы атанса, Жансерік Дүйсенбек күміс жүлдеге, Нұрбек Ермахан қола жүлдеге лайық деп танылды. 75 килограмм салмақ дәрежесінде өзінің шын мықты екенін әйгілеген Дінмұхамед Ахметжанов қарсыластарынан айласын асырып топ жарса, 91 килограмм салмақ дәрежесіндегі үкілі үмітіміз Арнұр Ахметжанов екінші орынға орнықты. Ал 69 килограмм салмақта шаршы алаңда өнер көрсеткен Дәулет Галиакбарға қола жүлде бұйырды. Бірнеше күнге созылған халықаралық аламан жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шеберлігі толысқан саңлақтар жүлдегер атану үшін барын салғаны көзге айқын көрініп тұрды. Тартысты жекпе-жектерде қатарынан оза шапқан жерлестеріміздің алты бірдей жүлдеге қол жеткізуі, сөз жоқ, толайым табыс. Енді осы өрендеріміз алдағы сындарда да сүрінбей, биік межелерді бағындырса дейміз.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




