Атырау қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтті. Жарысқа еліміздің әр қиырынан кілең мықты шахматшылар қатысып, жүлдеге таласты. Ел чемпионатында Тараз қаласындағы «Отважная пешка» шахмат мектебінің түлегі Бибісара Абылайқызы топқа түсіп, алтыннан алқа тағынды. Бұл шахмат мектебінде шыңдалған 11 шахматшы әлем және Азия біріншіліктерінде жүлдегерлердің қатарынан көрінген екен. Жоғары санатты жаттықтырушы Нұргүл Иланбекова баптайтын Бибісара Қазақстан чемпионатында шеберлігімен көзге түсіп, қарсыластарының барлығынан айласын асырып, өзінің шын мықты екенін дәлелдей білгені – өңіріміз үшін зор мақтаныш. – Бізге келген талай жасөспірім шеберліктерін шыңдап жатыр. Түрлі деңгейдегі додаларда қатарының алды болып жүрген шәкірттерімізбен мақтанамыз. Алда әлі көптеген аламандар бар. Бибісара сол сындарда биіктен көрінеді деп сенеміз. Шахмат мектебінің мақсаты – жас таланттарды тәрбиелеу. Өйткені болашақ жастарымыздың қолында, – дейді Бибісараның бапкері өз ойымен бөлісіп. Бүлдіршін кезінен үлкен белестерді бағындырып жүрген Бибісараға біз де табыс тілейміз.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




