Спорт және туризм
Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының келесі кезеңіне өтті
- author «Ақ жол»
- 22 ақпан, 2018
- 693
Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының келесі кезеңіне өтті
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Пхенчхандағы Олимпиада-2018 ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, үздік 24 спортшының қатарына еніп, еркін бағдарламаға жолдама алды.
Тұрсынбаева 57,95 ұпай жинап, тоғызыншы орында тұр. Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбекова небәрі 44.40 ұпай жинап, үздіктер қатарына ене алмады. Айта кетейік, 18 жастағы екі қазақстандық спортшы қыз да Олимпиада ойындарында бірінші рет өнер көрсетіп жатыр. Еске салайық, 2017 жылы сәуірде Тұрсынбаева әлем чемпионатында тоғызыншы орынды иеленіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарына екі жолдама жеңіп алды. Дереккөз: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




