Ақтау қаласында қазақ күресінен 1998-2000 жылы дүниеге келген ұл-қыздар арасында ел чемпионаты өтті. Додаға еліміздің барлық облыстарынан кілең «сен тұр, мен атайын» деуге лайық саңлақтар қатысты. Содан да болар, Қазақстан чемпионатындағы әрбір белдесу тартысқа толы болды. Жалпы 350 балуан топқа түскен ел біріншілігінде жамбылдық жампоздар жасындай жарқырап, бес спортшымыз жеңімпаз атанды. Бұл, әрине, үлкен табыс. 60 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Омар Керімов, 74 килограмм салмақта белдескен Айдар Бескемпір, 90 килограмм салмақ дәрежесіндегі оғланымыз Ізбасар Ералиев, 100 килограмнан жоғары салмақта боз кілемге шыққан Ғанибек Медиманов қарсыластарын алып та, шалып та жығып, өздерінің шын мықты екендіктерін дәлелдеп, жарыс жеңімпазы атанса, арулар арасында бақ сынаған 57 килограмм салмақтағы Арай Ахан да қарсылас шақ келтірген жоқ. Осылайша жерлестеріміз өздерінің нағыз бабында екенін көрсете білді. Ел чемпионатында өзге балуандарымыз да жүлдегерлердің қатарынан көрінді. Мәселен 60 килограмм салмақта өнер көрсеткен Нұр Аманшүкіров күміс жүлдені иеленсе, 55 килограмдағы үкілі үмітіміз Ернұр Сүлеймен, 82 килограмм салмақтағы сайыпқыранымыз Дәулет Ахмет қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ арулар арасындағы бәсекеде жұлдызы жанған (78 килограмм салмақ дәрежесінде) Перизат Ералиева да қола жүлдені мойнына ілді.
Табиғат АБАИЛАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




