Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында жалауы желбіреген Қысқы Олимпиада ойындары жалғасуда. Әзірге могулдың майталманы Юлия Галышеваның жалғыз қола жүлдесі жанға медеу болып тұр. Ел сенім артқан шорт-трек шебері Нұрберген Жұмағазиев іріктеу кезеңінен өте алмай жанкүйерлерді жабырқатса, фристайлдан могулдың шебері Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков та жүлдеге қол жеткізе алмады. Қысқы Олимпиада алдындағы додаларда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрген Дмитрий Рейхердтен көп үміт күткен едік. Амал қанша? Шаңғы спортының мықтылары Алексей Полторанин мен Анна Шевченко да жүлденің ауылынан алыс қалды. Екеуі де ширек финалдан әріге аса алмады. Дегенмен Алексей Полтораниннің жолына әлі де сеніммен қараймыз. Тағы бірнеше сында топқа түсетін отандасымыз медаль сыңғырын естіртсе дейміз. Қысқы Олимпиаданың аяқталуына он күндей уақыт бар екенін ескерсек, спортшыларымыздың 4 жыл бұрынғы нәтижені үстемелеуге мүмкіндігі мол. Сочиде өткен ақ аламанда мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жалғыз қоласын мерей санаған едік. Әлбетте, Пхенчханда да мәнерлеп сырғанау спортының шеберлерінен, шаңғышыларымыздан жүлде күтіп отырмыз. Қазір нақты бір болжам айтудың өзі қиындап барады. Өйткені Оңтүстік Кореяда кейбір спорт түрлерінен ел күтпеген нәтижелер тіркеліп жатыр. Ендеше біздің спортшылардың да сенсация авторы атанып, жүлде санын молайта түспесіне кім кепіл?
Табиғат АБАИЛАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




