Кіл мықтылар сынға түскен үстел теннисінен ел чемпионаты мәресіне жетті. Тараз төрінде өткен ересектер дуы тартысқа толы болды. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасындағы командалық есепте Алматы қаласының спортшылары қарсыластарын қапы қалдырып, топ жарса, екінші орын қарағандылықтардың еншісіне жазылды. Үздік үштікті Шығыс Қазақстаннан келген спортшылар түйіндеді. Ал қыздар арасындағы додада қарағандылық арулар өздерінің шын мықты екендіктерін дәлелдесе, екінші орын Батыс Қазақстан облысының, үшінші орын Алматы қаласының спортшыларына бұйырды. Ерлер арасындағы жекелей сында Д.Жолудевтің жұлдызы жарқыраса (ШҚО), екінші орын Т.Келбұғановтың (Алматы қаласы), үшінші орын А.Герасименконың (Астана қаласы) қанжығасында кетті. Сондай-ақ біріншілік барысында аралас жұп, ерлер жұбы, қыздар жұбы бойынша да ел чемпиондары анықталды. Қазақстан біріншілігінде қатарынан оза шауып, бәйге алған саңлақтар алдағы уақытта өтетін халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады. Жалпы, Тараз жерінде ұйымдастырылған Қазақстан чемпионаты жоғары деңгейде өткенін айта кеткен жөн. Бұл жарыстың тараздық спортшыларға үлкен тәжірибе алаңы болғаны сөзсіз.
Элизат Қонысбай
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді