облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Қоғамдық бақылауды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша бірқатар жұмыстарды атқарды. «Жедел желі» іске қосылған 6 ай уақыт аралығында 6 заңды тұлғадан және 29 жеке тұлғадан сұрақтар келіп түсті.
Олардың қойған сауалдарына қарай сала мамандары тұшымды жауаптар берді. Сонымен қатар, заңды тұлғалар бірлестігі облыстың барлық аудандары мен Тараз қаласында әлеуметтік мәселелер бойынша қоғамдық қабылдаулар өткізді. Қабылдауды облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, осы жолдардың авторы жүргізді. Онда көтерілген мәселелер құзырлы органдарға жеткізіліп, оң шешімін табуға септігін тигізді. Қабылдауға барлығы 39 адамның сауалдары жолданды. Негізінен қоғамдық қабылдаулар барысында тұрғындарға көбіне құқықтық кеңестер беріліп, түйткілді мәселелерінің оң шешілуіне баса назар аударылды. Бұдан өзге қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік мәселелерді де көтеріп, оның шешілу жолдары жан-жақты түсіндірілді. Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін субсидиялардың нақты иелеріне жетуі және орынды жұмсалу жайы бойынша қоғамдық мониторинг және «Халық тұтынатын азық-түлік (нан, сұйытылған май, сәбіз, картоп тағы басқа) тауарлардың бағасын тұрақтандыру қоры жұмысының ашықтығын бақылау» қоғамдық сараптама өткізу бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне мониторинг жүргізілуде. Алдағы уақытта мониторингтің қорытындысы шығарылып, тиісті органдарға жіберілетін болады. Бастысы, бұл шаралардың барлығы халық игілігіне тиімді жағдай жасауды көздейді. Бүгінде күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселелердің бірі мектеп қабырғасындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мен алдын алу болып табылады. Бұл тұрғыда бірлестік «Мектеп қабырғасында туындайтын мәселелер» атты қоғамдық тыңдау өткізіп, білім ошақтарында болатын барлық сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мәселелерін талқылап, ұсыныстар қабылдады. Шараға облыстық білім басқармасының мамандары, облыс орталығындағы білім ошақтарының басшылары мен орынбасарлары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Баласын мектепке беретін ата-ананың басты назарында болатын нәрсе – мектептің беделі. Дегенмен мамандар бастауыш сыныптардың базасы барлық мектепте мықты деп сендіреді. Ата-ана баласын өзі қалаған мектепке беруіне де болады. Бірақ заңға сәйкес әр мектеп өзі қызмет көрсететін аймаққа қарасты мекен-жайдағы балаларды бірінші кезекте қабылдайды. Егер оқушы саны толмай жатса, басқа аймақтан да қабылдай береді. Осы орайда «Жамбыл облысы жастар мәслихаты» ЖҚБ-нің жас депутаттары Тараз қаласындағы 14 мектепте «Мектеп жасындағы баланың мәселесі» туралы сауалнама жүргізді. Сауалнамаларда мектептегі барлық сұрақтар қамтылып, жауаптар алынды. Алдағы уақытта сауалнаманың қорытындысы бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Сондай-ақ толтырылған сауалнамалардың қорытындысын ескере отырып, білім беру мекемелерінде жемқорлықтың алдын алу, 1-сынып оқушысын мектепке қабылдауын және басқа мектепке ауысуын электронды жүйеге келтіру бойынша бірлестік тарапынан ұсыныс берілді. Қоғамдық тыңдауға 500 адам қатысты. Облыстағы аудандарда қызмет көрсету орталықтарының сервистік қызметтері туралы Фэйсбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфир жүргізіп, сол бейнекөріністердің жиынтығы мен келеңсіз жайттар «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Елден хабар» бағдарламасында көрсетілді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің директоры Д.Медетбеков тікелей эфирге қосылып, сұрақтарға жауап берді.
Исламбек ДАСТАН, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді