Ұлттық спортымыз тоғызқұмалақтан «Гамбит» шахмат клубында ересектер және жастар арасындағы облыс біріншілігі өтті. Аталмыш додаға Тараз қаласы мен аудандардан 8 команда қатысты. Жастар мен ересектер аламаны барысында 62 спортшы топқа түсіп, кім мықты деген сауалға жауап іздеді. Жарыс қорытындысында Тараз қаласындағы №3 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің намысын қорғаған спортшылар қарсыластарын қапы қалдырып, командалық есепте топ жарса, Қордай ауданынан келген ұжым жүлделі екінші орынды қанжығасына байлады. Облыс біріншілігіне қатысқан өзге де аудандардың белді ойыншылары жекелей сында тартысты ойын көрсетіп, қарсыластарынан кем түспеуге тырысып бақты. Облыс чемпионатында жас айырмашылықтарына сәйкес жекелей додада Жандос Мейрамқұлов, Нұрдәулет Сейітжапар, Нұрбол Әлдибай, Ернұрсұлтан Боранбай, Камила Лепесова, Жанерке Жетен, Әсел Сейітбекова, Аружан Әкімхан сынды тоғызқұмалақшылар тамаша тактикаға құрылған ойын өрнегімен ерекшеленіп, қатарларынан оза шауып, жеңімпаз атанды. Тоғызқұмалақшылар аламанында жүлдегерлер қатарынан көрінген оғландар алдағы уақытта өтетін додаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындырады деп сенеміз.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




