Сарысу аудандық әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен шағын футболдан мекемелер арасында турнир ұйымдастырылды. Алғашқы ойында аудандық спорт мектебінің құрамасы «Жастар ресурстық орталығы» құрамасын 7:4 есебімен ұтса, «Айтыскерлер» командасы өз кезегінде «Сарысу мәдениетін» 9:0 есебімен қапы қалдырды. «Айтыскерлер» ұжымынан Төлеби Тәуірбек 5 голдың авторы атанса, Нұрлыбек Құрманов пен Дидар Апбасов екі голдан соғып, командаластарының абыройын арттырды. Шешуші ойында «Айтыскерлер» аудандық спорт мектебінің командасына 2:4 есебімен жол берсе, үшінші орын үшін таласта «Сарысу мәдениеті» командасы «Жастар ресурстық орталығы» құрамасынан 7:2 есебімен айласын асырды. Алайда төрешілердің шешімімен кілең спортшылардан құралған аудандық спорт мектебінің командасы жарыс жүлдесінен шет қалды. Осылайша «бұйырған кетпес...» дегендей, Алик Бекмұсаев бастаған «Айтыскерлер» ұжымы турнир жеңімпазы атанса, «Сарысу мәдениеті» командасы екінші, «Жастар ресурстық орталығы» құрамасы үшінші орыннан көрінді. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Әзиза Әзімбекқызы, ТарМУ-дың студенті
Сарысу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




