Бес балуан финалға қатыспайды

Бес балуан финалға қатыспайды
ашық дереккөз
Бес балуан финалға қатыспайды

Қостанайлық Ғабит Балғынбаев «Қазақстан барысы» турнирінің финалына қатыспайды. «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының мәлімдеуінше, бұл балуан алыптар аламанына жолдаманы жергілікті спорт басқармасы басшыларының шешімі бойынша алған екен. Финалдық белдесулерден Балғынбаев қана емес тағы төрт балуан шеттетіліп отыр. «Допингке қарсы ұлттық орталығы» ММ-ның 2014 жылғы 20-маусымдағы допингтік сынама қорытындысына сәйкес қан құрамында допингтік зат анықталған Батыс Қазақстан облысының балуаны Дамир Қалақов, Қостанай облысының балуаны Михаил Твердохлебов, Астана қаласының балуаны Нұрғали Байтарақов және Маңғыстау облысының балуаны Манас Иманқұлов турнирге қатыспайды. Сонымен, 29 маусым күні Астана қаласындағы, «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтетін жарыста 28 балуан бақ сынайтын болды.

Ардақ Үсейінова,

"Ақ жол".

Ұқсас жаңалықтар