Плей-офф кезеңіне жолдама алған алғашқы команда – Колумбия құрамасы. Ивуарлықтарды 2:1 есебімен жеңген колумбиялықтар қазірдің өзінде топтық кезеңде көш бастап отыр. С тобындағы келесі кездесудің нәтижесі бұл көрсеткішті еш өзгерте алмайды. Ал, А тобындағы талас топтық кезеңнің соңғы ойынына дейін жалғасатын сыңайлы. Осы топтағы Бразилия, Мексика, Хорватия құрамалары арасында ұпай үшін тартыс әлі аяқталған жоқ. В тобында плей-офқа алты ұпайдан жинаған Нидерланды мен Чили футболшылары өтетіні анық. Жалпы, 19-20 маусым күндері өткен кездесулерде уругвайлықтар ағылшындарды 2:1 есебімен жеңсе, Хорватия құрамасы камерундықтарға жауапсыз төрт гол соқты. Жапондар мен гректер арасында өткен матчта есеп ашылған жоқ.
Ардақ Үсейінова,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




