Қазір әлем чемпионатында ғана емес, ішкі біріншіліктегі бәсекенің де қызған шағы. Бейсенбі күні ел кубогы жолындағы 1/4 финалында «Тараз» футболшылары «Ақтөбемен» кездесті. Сырт алаңда өтетін ойынның тараздықтар үшін нәтижелі бола бермейтіні белгілі. Есеп 2:1, ақтөбеліктердің пайдасына шешілді. «Тараз» үшін жуырда ғана трансферлік маусымның ашылғанын пайдаланып, өз құрамын мықты ойыншылармен толықтырған ел чемпиондарын жеңу оңайға соға қоймасы анық еді. Дегенмен, былтырғы дәл осындай кубок жарысында жерлестеріміз ақтөбеліктерді жеңген болатын. Тараздықтар үшін жартылай финалға шығар жол жабық. Ішкі біріншіліктегі жағдай да мәз емес. «Тараз» сапынан әзірге, Мұрат Тілешовтен басқа гол соғатын мерген табылмай тұр. «Sports.kz» сайты таратқан мәліметке сүйенсек, командада плеймейкер міндетін атқарып жүрген Бауыржан Байтанаға қазір «Қайрат» құда түсіп жатыр екен. Команда маңызды ойыншыдан айырылса, онда осы амплуадағы басқа футболшыны іздеуіне тура келеді. Трансферлік маусымда шебер ойыншыларды шақырту мәселесін шешіп алмаса, турнир кестесіндегі көрсеткіштің өзгермесі анық.
Ардақ Үсейінова,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Биыл өңірде 6 спорт нысаны ел игілігіне беріледі
- 15 сәуір, 2025
Биыл алты спорт нысаны ел игілігіне берілмек
- 15 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді