Ғасырға бергісіз 26 жылдық тәуелсіздік тарихында Қазақстан әлем елдері мойындаған толағай табыстарға қол жеткізді. Өзіміздің бейбітсүйгіштік ұстанымдарымыз бен ынтымақтастығымыздың арқасында еліміз жаңарып, қуаты артып, қиыншылықтарды еңсеріп, дамып келеді.
Бүгінде адамдар мен мемлекеттердің санасындағы жаһандық революциялар технологияны және қоршаған ортаны мүлдем өзгертіп жіберді. Осындай тарихи уақытта қандай мемлекет болсын өзінің дамуы мен өмір сүру жолдарын, мүмкіндіктерін және алдағы болашағын анықтап алуға ұмтылады. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауының негізгі өзегі де төртінші индустриялық революция мәселесіне арналып отыр. Елбасының сындарлы саясатының арқасында еліміз өркендеп, жылдан-жылға көркейіп келеді. Жасыратыны жоқ, ғаламдағы өркениет пен қайта құрулар ең алдымен адами капиталдың дамуына тәуелді. Жалпы осы уақытқа дейінгі тарихымызды парақтар болсақ, даму үдерістеріні барлығы дерлік терең ойлаудың нәтижесінде туындаған. Ойлау мен жасау, енгізу арқылы жаңа технологияларды ілгерілету – бүгінгі бәсекелестіктің де өзегі. Кемел келешегі мен баянды болашағын айқындап, жаһанды жайлаған сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жететіндігін Елбасы дәлелдеп, көрсетіп берді. Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлемде кезекті, төртінші өнеркәсіптік революция басталатындығын атап көрсеткен болатын. ХХІ ғасырдағы экономика саласындағы жаппай цифрландыру жүйесі тұтас бір саланың жойылуына немесе жаңа, тың саланың пайда болуына алып келеді. Бұл Жолдаудың басты мақсаттарының бірі деп санаймыз. Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан орын алу бағытында жасалынып жатқан игі қадамдардың негізі де осы өнеркәсіптік революциямен тікелей байланысты екендігі баршамызға белгілі. Қазақ халқында «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген қанатты сөз бар. Бірігіп, бірлесіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, Жолдаудың жүзеге асырылуына атсалысуымыз керек. Сонда ғана дамыған 30 елдің қатарына ене аламыз. Жер бетінде қазақ деген ғажап халық барын әлемге таныту әрбір қазақстандықтың міндеті деп білемін.
Ілияс Сейітжан, облыстық «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-нің директоры
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді