Қазақстандық фристайл спортының шебері Дмитрий Рейхерд әлем кубогінің кезекті кезеңінде тағы да жасындай жарқырады. Ол бұған дейін де жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын. АҚШ-тың Дир Валли деп аталатын жерінде өткен аламанға әлемнің кіл «сен тұр, мен атайын» спортшылары қатысып, жүлделі орындарға талас жүргізді. Әр спортшының басты мақсаты – қалайда жүлделі орыннан көріну. Сол кіл мықтылардың ішінде қазақстандық спортшы да бар. Рейхерд қанша талпынса да, алтын жүлденің ауылы алыс болды. Жарыс өте тартысты жағдайда өтті. Рейхердке күміс жүлде бұйырды. Бұл күні Дима барын салып бақты. Дегенмен канадалық Микаэль Кингсбери өзінің шын мәнісінде мықты екенін дәлелдеп, алтыннан алқа тағынды. Ал үшінші орын австралиялық саңлақ Мэтт Гремнің еншісіне жазылды. Жалпы әлем кубогі кезеңдері барысында Дмитрий Рейхерд жақсы өнер көрсететіні белгілі. Ол бұған дейін де күміс жүлдені қоржынға салып, мерейі үстем болған. Бір қызығы сол кезеңде де жоғарыда аты аталған спортшылар алғашқы үш орынды дәл осылай бөліскен еді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді