Спорт және туризм
Швейцария мен Франция топтағы көшбасшы орынға таласады
- author «Ақ жол»
- 20 маусым, 2014
- 723
Швейцария мен Франция топтағы көшбасшы орынға таласады
Бүгiн, жұма күнi Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының тоғызыншы күнiнде D және Е топтарындағы матчтар өтедi.
Астана уақыты бойынша, 22:00-де Италия мен Коста-Рика аяқдопшылары кездесетiн болады. Италия құрамасы бұның алдында Англияны 2:1 есебiмен жеңсе, Коста-Рика Уругвайды ойсырата ұтып, кiшiгiрiм сенсация жасап кеткен болатын. Италия құрамасы осы жолы Уругвай ойыншылары тартқан қателiктен сабақ алар ме екен, оны матч барысында көре жатармыз. Бұл ойын "Еуразия" Бiрiншi арнасы" арқылы көрсетiледi.
Бүгiнгi күннiң орталық матчы 01:00-де Швейцария және Франция құрамалары арасында өтпек. Бұл текетiрестi "Қазақстан" және KazSport телеарналарынан тамашалай аласыздар.
Ал 04:00-де Гондурас - Эквадор кездесуi "Еуразия" Бiрiншi арнасы" арқылы көрсетiлмек.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




