Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауына байланысты телеэфирде жасаған мәлімдемесінде ел алдындағы негізгі 10 міндетті атап көрсетті. Олардың қатарында қазақстандық индустрия жаңа технологияларды енгізуде көшбасшы болу, өнеркәсіпте өндіріс үдерістерін цифрландыру мен заманауи бизнес-модельдерді игеру арқылы еңбек өндірісінің деңгейін көтеру, ресурстық әлеуетті қолдану тиімділігін барынша жақсарту, агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру, транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, ТҮКШ және құрылыс саласында заманауи технологияларды қолдану секілді өте өзекті мәселелерді жүзеге асыру тетіктері қарастырылған. Бүгінде еліміздің әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғандығы бізді ерекше қуантып отыр. Осыған байланысты Жолдауда да тарқатыла айтылыпты. Қысқасы, міндет белгілі, мақсат айқын. Міне, осы бағытымыздан таймай еңбек қарқынын бұдан әрі де еселей түсуге тиіспіз. Жаңа Жолдауда еліміздің әлемдегі дамыған отыз мемлекеттің қатарына ену жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында белгіленген міндеттерінің одан әрі нақтыланып, ұтқырлана түскендігінің куәсі болып отырмыз. Әсіресе, Елбасы алдымызға қойып отырған «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» атты үшінші міндет жұмысымызға тың серпін береді деген ойдамыз. Шынында да біз егін егіп, дәнді дақылдар өсіруді үйрендік. Алайда бүгінгідей «ақылды технологиялар» өндіріске көптеп енгізілу тұсында мұнымен ғана шектеліп қалуымызға болмайды. Жолдауда атап көрсетілгендей, ендігі жерде қолда бар шикізатты өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарыққа жоғары сапалы дайын өнімдерімізбен шығуға тиіспіз. Осы орайда атап өтерлік жай, өңірімізде аграрлық саланы дамытуды ғылыммен ұштастыра жүргізу, жаңа технологияларды трансферттеу, оларды отандық жағдайға бейімдеу тәжірибелері бар, бұл жұмыстардың іргенегізі қаланған. Басқармамызда жаңадан астық және тұқым инспекциясы бөлімінің құрылуы да осы бағыттағы батыл қадамдардың бірі болды. Мемлекет басшысы биылғы халыққа Жолдауында бұл тұрғыда «Мысалы, егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдаудың, «ақылды суарудың, минералды тыңайтқыш себудің, зиянкестермен және арамшөппен күресудің интеллектуалды жүйелері арқылы өнімділікті бірнеше есе арттыруға күш салуға болады. ...Жаңа технологиялар мен бизнес модельдерді енгізу агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперациялау қажеттігін күшейтеді» деп алға қойылар міндеттерді және бір нақтылап өтті. Біз ендігі жерде жұмысымызды, міне, осы қағидаттарды басшылыққа ала отырып, үйлестіруге күш салатын боламыз.
Нұржан НҰРЖІГІТОВ, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді