Спорт және туризм
Уругвай Суарестің арқасында Англия құрамасын жеңді
- author «Ақ жол»
- 20 маусым, 2014
- 228
Уругвай Суарестің арқасында Англия құрамасын жеңді
Уругвай және Англия арасындағы кездесуде қызықтар көптеп орын алды. Әлем чемпионатында Англия құрамасының ойыншысы Уэйн Руни, өзінің алғашқы голын салды.
Ал, Уругвай құрамасының футболшысы Луис Суарес жарақатына қарамастан ойнап, гол салып, «Селестені» жар басынан құтқарып қалды. Қос құраманың әлі де болса мүмкіндіктері бар. Англия құрамасы соңғы ойында Италияның тілеуін тілейді. Бірақ, Коста-Риканың ұмыта салу мүмкін емес. Англияға айтарлықтай қарсылық танытатын құрама.
Өткен ойынды жарақатына байланысты жіберіп алған Суарес, бүгінгі кездесуге тас-түйін дайын болды. Оны өзінің ойыны көрсетті. Жеңіске деген жігер бәрін жеңіп тұр. Ойынның соңын алаң жиегінде отырып тамашалаған Суарес, көзіне жас алыпта жіберді. Бұл кешегі Иньеста, Хави, Торрестің көзінен шыққан жасқа мүлдем ұқсамайды. Жеңістің, қуаныштың көз жасы.
Уругвай құрамасы алдағы ойынын Италия құрамасына қарсы өткізеді. Ал Италия, Коста-Рика құрамасына қарсы қамдануы қажет. Англия құрамасының үміті мүлдем сөніп қалған жоқ, бар. Коста-Рика құрамасын қалайда ұтуы қажет. Өзге топтардағы жағдайлардай емес, бұл топтың жағдай шым-шытырық. Топтағы барлық құраманың өз мүмкіндігі бар. Бұл нағыз «өлім тобы». Топтан шықпай қалған қос құраманың өзін «жеңілді» деп сыбап алуға болмайтын сияқты. УРУГВАЙ – АНГЛИЯ – 2:1 (1:0).
19 маусым. Сан-Паулу. «Арена Коринтианс». 62575 көрермен.
Төреші: Карлос Веласко Карбальо (Испания).
Голдар: Луис Суарес, 39 (1:0), Уэйн Руни, 75 (1:1), Луис Суарес, 85 (2:1).
Ескерту алды: Годин 9, Джеррард 68.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерлік жолын жеңіспен ұштастырған өрендерӨрнек
- 23 желтоқсан, 2024
Бірқатар нысандар ел игілігіне берілді
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді