Мәкен Рахымжанова, облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Халық әртісі
Мемлекет басшысы-ның«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын еліміздің бас басылымы – жалпыұлттық республикалық «Егемен Қазақстан» газетінен оқыдым. Қашаннан алдағыны болжап, бағдарлап отыратын Елбасымыз бұл жолы да тәуелсіз Қазақстанды жарқын болашаққа бастайтын бастамалар мен міндеттерді алға қойып отыр. Жаһандық жүйені бағамдай білетін Ұлт Көшбасшысы бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ басқанын, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалар қарқынды өзгерістерді бастан кешіріп отырғанын негізге алуда. Рас, еліміз жыл өткен сайын жасарып, жаңарып, түлеп келеді. Оған сәт сайын келбеті кемелденіп, ажары артып отырған өңірімізге қарап та көз жеткізуге болады. Десек те, біз де көштен қалмай, жаңа технологиялық үдеріске ілесіп отыру керекпіз. Мемлекет басшысы айтқандай, жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертіп, жаңа арнаға түсіруде. Он негізгі міндет арқылы салаларды дамытып, алға жылжып отыруды міндеттеген Жолдау ендігі бағытымызды айқындайтын басты құжаттарымыз болмақ. «Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік. Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берілді. Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты нақтылай түсті. Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық. Бұл базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры болып саналады. Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек» деген Елбасы экономикалық және технологиялық жүйемен қатар, елдің бірлігін, ұлт денсаулығын, жастардың біліктілігін, білім мен әлеуметтік салаларға да кеңінен тоқталды. Өткен жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаладағы міндеттер де кешенді іс-шаралармен жалғасып жатқанын мәлімдеген Нұрсұлтан Әбішұлы экономикалық жаңғыру, жаңа технологиялық қалыпқа түсу арқылы әлемнің дамыған озық отыз елінің қатарына қосылуды мақсат етіп қойып отыр. Оған баршамыз атсалысып, үлес қосқанымыз абзал!
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді