Осыдан біраз уақыт бұрын жамбылдық жампоз, әуесқой бокстан 69 келі салмақ дәрежесіндегі 2013 жылғы ел чемпионы, 2014 жылғы Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері Сағдат Рахманқұловтың кәсіпқой боксқа ауысқандығы туралы жазған болатынбыз. Мұхит асып, АҚШ-қа аттанған талантты боксшы алғашқы жекпе-жегін ақпан айының 16 жұлдызында өткізеді. «Top Rank» промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінің андеркардында жұдырықтасатын жерлесіміздің қарсыласы әзірге белгісіз. АҚШ асқан соң Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов, Асхат Уәлихановпен бірге жаттығу өткізген жамбылдық боксшы алғашқы айқасына тастүйін дайын. Сағадаттың қай салмақ дәрежесінде жұдырықтасатыны да әзірге беймәлім. Әйткенмен, кәсіпқой бокс тәжірибесіне салсақ, әуесқой рингте 69 келіде қолғап түйістірген сайыпқыранымыз жартылай орта салмақта немесе бірінші орта салмақта шаршы алаңға көтерілуі бек мүмкін. Әуесқой бокста қарсыластарына қысым көрсете отырып, тамаша бокс көрсете білген Сағадаттың кәсіпқой рингте де биік белестерді бағындыратынына бек сенімдіміз!
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




