Қанаттың рейтингі өсті

Қанаттың рейтингі өсті
ашық дереккөз
Қанаттың рейтингі өсті
Кәсіпқой бокс әлемінде «Қазақ» деген лақап атымен әйгіленген Қанат Ислам бүкіләлемдік бокс ұйымының рейтингінде 2-орынға көтерілді. Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшының алдағы уақытта чемпиондық атаққа таласатын мүмкіндігі мол. Қанат бұған дейін бүкіләлемдік бокс қауымдастығының рейтингінде көш тізгінін қолға алған-ды. Осылайша қазақстандық боксшы WBA супер чемпионы кубалық Эрисланди Лараның белбеуіне басты үміткер атану үшін америкалық Джон Верамен шайқасатын мүмкіндікке ие болған. Енді, міне, екінші тұжырым бойынша да чемпиондық белбеуге таласатын мүмкіндік туатын секілді. Ол үшін Қанат Ислам WBO рейтингінде 1-орынға көтерілуі керек. Негізі Қанатқа Джон Верамен жекпе-жек өткізген тиімді екені мәлім. Сол арқылы әлем чемпионы атағына жылдамырақ қол жеткізуге болады. Әрине, Вераны ұтып, кейін Эрисланди Лараны тұғырынан тайдырса... Ал WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Садам Али екені аян. Қанатқа қай жол тиімді? Оны менеджерлері шеше жатар. Біз қазақ өренінің тезірек әлем чемпионы атанғанын қалаймыз...

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Ұқсас жаңалықтар