«Астана» баскетболшылары ВТБ лигасында кезекті ойынын өткізіп, бұл жолы жанкүйерлерін жарқын мәнердегі жеңіспен қуантты. Ресейдің «Енисей» командасын қабылдаған «Астана» баскетболшылары жеңіске деген құштарлықтың тамаша үлгісін көрсете білді. Ойын бастала салысымен әр шабуылын нәтижелі түйіндеуге талпынған қазақстандық команданың ойын өрнегі көңілдерде үміт отын маздатты. Қорғаныста сауатты ойнап, ұпай қорын молайта түскен «Астананың» жеңіске жететініне сенім мол болды. Әр ширекте өзіне тиесілі ұпайды еншілей білген қазақстандық команда Красноярск қаласынан келген қарсыластарын кәдімгідей састырды. Алайда, «Енисей» баскетболшылары да оңай шағыла салатын жаңғақ емес екендіктерін көрсетіп, соңғы сәтке дейін қарсыласып бақты. «Енисей» ұпай айырмасын барынша қысқартуға тырысқанымен онысынан түк өнген жоқ. Қарсылас команданы әбден тығырыққа тіреген «Астана» баскетболшылары 92:75 есебімен басым түсіп, жанкүйерлерін желпіндіріп тастады. Өз алаңында қажетті ұпайды қоржынға салған «Астана» баскетболшыларының алдағы ойындарда да жеңісті жорығын жалғастыратынына сенім зор.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




