Топтық кезеңдегі алғашқы айналым аяқталды. Н тобындағы соңғы ойын Ресей мен Оңтүстік Корея құрамалары арасында өткен болатын. Солтүстіктегі көршілеріміз корейлерден үстем бола алмады, есеп 1:1. Бұл – әлемдік мундиальдағы тең нәтижемен аяқталған үшінші матч.
Ресей посткеңестік елдердің ішінде дүниежүзілік додаға қатысып жатқан жалғыз мемлекет екені мәлім. Сондықтан, қазақ жанкүйерлерінің басым көпшілігі солтүстіктегі көршімізге тілеулес болғаны анық. Бірақ, таблодағы көрсеткіш көңіл көншітерліктей емес. 67-минутта қақпашы Акинфеевтен айласын асырған Ли Кын Хоның соққысына Александр Кержаков жауап қатпағанда, бұл кездесу Оңтүстік Корея құрамасының пайдасына шешілер ме еді, кім білсін. Екінші таймда алаңға шыққан Кержаков есепті теңестіріп, қос құрама ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Тең есеп тіркелген қалған екі ойында есеп ашылған жоқ. Оның біреуі F тобындағы Иран мен Нигерия құрамалары арасында өткен матч болса, келесісі екінші айналымды бастаған А тобындағы Бразилия – Мексика кездесуінде орын алды.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




