«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Қазақстан барысы»: көрермендер көзайымы жүлдесі тағайындалды

«Қазақстан барысы»: көрермендер көзайымы жүлдесі тағайындалды
ашық дереккөз
«Қазақстан барысы»: көрермендер көзайымы жүлдесі тағайындалды
Қазақстанда төртінші жыл қазақ күресінен бірегей спорт жобасы - Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» турнирі жүзеге асырылуда, деп хабарлады Астананың 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы. Халықтық жоба Астана күнін мерекелеу ауқымындағы елдегі ірі оқиғалардың тізбегін ашады. «Биылғы жылы жобаның финалдық кезеңі  Қазақстан елордасының 16 жылдығын мерекелеу ауқымында Астанада өтеді. Турнирді тікелей эфирде ұлттық және шетелдік телеарналар көрсетеді. Спорт жанкүйерлерін  Қазақстанның мықты палуандарының айқасы тәнті етеді: оған  33 палуан (әр облыстан және республикалық маңыздағы екі қаладан 2-ден) және «Қазақстан Барысы - 2013» жеңімпазы -  «Шығыс Барысы» Айбек Нұғымаров финалдық жекпе-жекте кездеседі. Ондағы бас жүлде - «Тайтұяқ» және 150 мың доллар. Сонымен бірге турнирді ұйымдастырушылар көрермендер көзайымы жүлдесін тағайындады. Палуандардың ішінде қайсысы жаңа автомобильге қол жеткізетінін көрермендер мен жанкүйерлер ғана анықтайды», - делінген медиа-штабтың хабарламасында. «Қазақстан Барысы» турнирінің басты қызығы - «Алтын белбеу» мен «тайтұяқ» қана емес,  Hyundai Elantra автомобилінің қожайыны кім болатыны болмақ. «Қазақстан Барысы» ұлттық дәстүрлер мен қазақ халқының өзіндік ерекшелігін жалғастырумен қатар, Қазақстанның өмірімен және дәстүрлерімен танысуға бірегей мүмкіндік береді. Турнирдің 3 жылы ішінде Ұлан Рысқұл (2011 ж.), Бейбіт Ыстыбаев (2012 ж.) және Айбек Нұғымаров (2013 ж.) басты қаһармандары атанды. «Қазақстан Барысы-2014» 29 маусымда «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар