Ресей жеңiлiстен аман қалды
Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңiнде Ресей мен Оңтүстiк Корея құрамалары кездесiп, мундиальдағы алғашқы ойындарын өткiздi.
Бұл матч 1:1 есебiмен тең аяқталды.
Бiрiншi таймда командалар гол соға алмады. Екiншi таймда, ойынның 68-минутында кәрiстер Гын Хо Лидiң голы арқылы алға шықты. Кездесу фаворитi ретiнде алаңға шыққан ресейлiктерге ендi үлкен күшпен алға лап қою керек болды. Команданың бас бапкерi Фабио Капелло Жирковтың орнына Кержаковты алаңға шығарды және ол үмiттi ақтады. Матчтың 73-минутында Кержаков кореялықтардың қақпасына доп салды.
Бұл топта үш ұпай алған Бельгия құрамасы бастап тұр. Екiншi орындарда бiр ұпаймен Ресей мен Оңтүстiк Корея жайғасқан. Бельгиядан жеңiлiс тапқан Алжир соңғы төртiншi орында қалды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




