Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтті. Бұл ағымдағы жылы ұлттық спорт түрінен өткізілген екінші әлемдік дода. Әрине, оның өзіндік себеп-салдары бар. Ал біз байрақты бәсеке туралы айтқанды жөн көрдік. Елорда төріндегі бозкілемде грузин балуаны Гуга Кибордзалидзе түйе балуан атанып, мерейі тасыды (5 мың АҚШ долларын иеленді). Ол ақтық сында тәжікстандық Дадахон Құрбаналиевтен айласын асырып, айтулы аламанда мықты екенін айғақтап берді. «Шын мықтыға тұсау жоқ» деген осы болса керек. Жалпы, бұл додада ел балуандары ерледі. 55 келіде сынға түскен Марат Нығматуллаев, 60 келідегі Қуаныш Ысқақов, 66 келі салмақ дәрежесіндегі Қасымхан Төленбай, 74 келідегі Ғалымжан Әбдірахманов, 82 келі салмақтағы Ерсұлтан Мұзафаров және 90 келідегі сайыпқыранымыз Әділжан Ыстыбаев қарсыластарын қапы қалдырып, дода жеңімпазы атанса, аса ауыр салмақтағы Руслан Әбдіразақов қола жүлдегер атанды. Жарыста топ жарған спортшыға екі мың АҚШ доллары, екінші орын иегеріне мың доллар, үшінші орын алған балуанға бес жүз доллар сыйақы табысталды. Жарысқа әлемнің 40 елінен екі жүзге жуық балуан келіп қатысты. Олар тоғыз салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




