«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бекман Сойлыбаев қарсыласын қапы қалдырды

Бекман Сойлыбаев  қарсыласын қапы қалдырды
ашық дереккөз
Бекман Сойлыбаев қарсыласын қапы қалдырды
j3xC0oGdKm4Кәсіпқой бокста екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қазақ боксшысы Бекман Сойлыбаев шаршы алаңдағы он екінші кездесуін өткізіп, тағы да жеңіс тойын тойлады. Мексикалық Фернандо Варгаспен қолғап түйістірген қазақстандық боксшы өзіне тиесілі WBC International белбеуін бәске тікті. Он раундқа жоспарланған жекпе-жекті әйгілі ESPN телеарнасы тікелей эфирде таратты. Шайқас барысында Бекман Сойлыбаев тамаша шабуылдарымен бокс жанкүйерлерін қуантты. Раунд өткен сайын тынысы ашыла түскен қазақстандық боксшы өзінің басымдығын нығырлай түсті. Ара қашықтықты дұрыс таңдай біліп, дер кезінде комбинациялық шабуылдар ұйымдастыра білген отандасымыз Варгасты әбден тығырыққа тіреді. Жалпы жекпе-жек барысында Сойлыбаев өзінің шын мықты екенін таныта білді. Дегенмен, қазақ боксшысының қарқынына лайықты түрде төтеп берген Фернандо Варгас та осалдардың қатарынан емес екен. Ол да шама-шарқы жеткенше тайталасып бақты. Алайда, шеберлігі басым Бекман сыр берген жоқ. Кездесу көпшілік күткендей мерзімінен бұрын аяқталған жоқ. Екі сайыпқыран он раунд бойы жұдырықтасып, мықтыны анықтау мәселесін төрешілерге қалдырды. Өз кезегінде қазылар жекпе-жек барысында тамаша бокс үлгісін көрсете білген Бекман Сойлыбаевты бірауыздан жеңімпаз деп таныды. Осылайша Бекман Сойлыбаев өзі өткізген он екі шайқастың барлығында жеңіс туын желбіретсе, оның төртеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. АҚШ-тың әйгілі Лас-Вегасында кезекті мәрте Алаш жұртын қуантқан Бекман Сойлыбаевтың әлі талай жарқын жеңістерге қол жеткізетіні сөзсіз.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар