«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Алматылық желаяқтар жеңіске жетті

Алматылық  желаяқтар жеңіске жетті
ашық дереккөз
Алматылық желаяқтар жеңіске жетті
Тараз қаласындағы Тектұрмас алқабында жеңіл атлетикалық кросстан Қазақстан республикасының чемпионаты өткізілді. Аталмыш жарысқа еліміздің жеті облысы мен 2 қаласынан 98 спортшы қатысып, кім мықты деген сауалға жауап іздеді. Кіл жүйріктерін үкілеп әкелген өңірлердің қай-қайсысы болсын, тек қана жеңіске жету үшін келгені белгілі. Өйткені, ел біріншілігінде атой салу – командалық сында үлкен абырой. Жарыс барысында қарсыластар алма-кезек тізгінді қолға алып отырды. Дегенмен Алматы облысы мен Алматы қаласының командасы ешкімге дес берген жоқ. Қарсыластарын шаң қаптырып кеткен қос құраманың желаяқтары тиісінші бірінші және екінші орынды қанжығаларына байлады. Қостанай облысының өрендері үздік үштіктен көріне білді. Оңтүстік Қазақстан облысы төртінші орынға табан тіресе, бесінші орын Солтүстік Қазақстан облысына, алтыншы орын Қызылорда облысына, жетінші орын жамбылдық құрамаға, сегізінші орын Шығыс Қазақстан облысына, 9 орын Астана қаласының спортшыларына бұйырды. Жалпы, жеңіл атлетикалық кросс додасы тартысты жағдайда өтті. Шын мықтылар қарсыластарынан жүйрік шықты. Дегенмен, жамбылдық жеңіл атлеттер алдағы сындарда нәтижелерін жақсартып, үздіктер қатарынан көрінсе деген тілегіміз де бар.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар