Сербияның Нови-Сад қаласында самбодан жастар арасында әлем чемпионаты өткен болатын. Төрт күнге созылған дүбірлі додаға Қазақстан спортшылары да қатысып, толайым табыстармен оралды. Әлем біріншілігінде ел намысын жамбылдық спортшылар да абыроймен қорғап, туымызды көкте желбіретті. Жастар арасындағы әлем чемпионаты – спортшы үшін ең басты бәсекелердің бірі саналады. Дуы басым додада қатарыңнан оза шауып, шын мықты екеніңді әйгілеу – зор жетістік. Айтулы аламанға аттанған жамбылдық спортшылар осы ұстанымды көкейлеріне мықтап қондырған болатын. Нәтижесінде өңір саңлақтарына екі бірдей жүлде бұйырды. Атап атйсақ, 52 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында топқа түскен Жадыра Әміртаеваның мерейі үстем болды. Сербия төрінде өзін жақсы қырынан көрсетіп, жасындай жарқыраған ол қарсыластарының барлығын қапы қалдырып, алтыннан алқа тағынды. Көк туымызды көкте желбіреткен спортшының асқақ армандары мен алар асулары әлі алда екені анық. Сонымен қатар, 56 келі салмақ дәрежесінде ерлер додасына араласқан Елнұр Сүлеймен де үмітімізді ақтады. Жартылай финалға дейін алқынбай жеткен Елнұр ақтық сынға шыға алмаса да, қола жүлдені қоржынымызға салды. Осылайша Сербия елінде өткен әлемдік додадан жамбылдық спортшылар да жақсы нәтиже көрсетіп, мерейімізді тасытып оралып отыр. Саңлақтарымызға алдағы жарыстарда да тек қана жеңістер тілейміз!
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




