Иван Дычко екінші жеңісіне қол жеткізді
Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері, қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычко Рио Олимпиадасынан кейін кәсіпқой боксқа ауысқаны мәлім. Аса ауыр салмақтағы саңлағымыз мұхит асқан соң кәсіпқой бокста да алатын еншісі бар екенін байқатып жатыр.
Аса ауыр салмақтағы алыбымыз Иван Дычко қысқа мерзім ішінде 2 бірдей кездесу өткізіп үлгерді. Дебюттік кездесуінде америкалық Эйбур Райтты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген Ваня өзінің шын мықты екенін байқата білген болатын. Бұдан соң осы өткен демалыста тағы бір америкалық боксшы Родригес Кейджбен қолғап түйістірді. Ә дегеннен тізгінді қолға Иван Дычко қарсыласын соққылардың астына алумен болды. Родригес те ер екен. Екі раунд бойы қазақстандық саңлақтың жойқын соққыларына төтеп берді. Дегенмен, ауыр соққылар өз дегенін істемей қойсын ба? Жекпе-жектің үшінші үш минуттығында Родригес терең нокаутқа түсті. Алдымен есеңгіреп қалған америкалық нокдауннан соң ес жиған болатын. Алайда, Ваня тағы да сойқан соққыларымен оны тығырыққа тіреп, жерге сұлатты.
Иван Дычко төрт апта ішінде 3 кездесу өткізуі мүмкін деседі. Енді ол 28 қазанда немесе қараша айының басында шаршы алаңға көтеріледі деп жоспарлануда. Жалпы қазақстандық боксшы жыл соңына дейін 6 жекпе-жек өткізетін көрінеді. Иванның өзі кәсіпқой бокста әлем чемпионы Энтони Джошуадан Олимпиадада кеткен есесін қайтарғысы келетінін айтқан болатын. Ол үшін осылайша уақыт өткізбей рейтингілік кездесулер өткізген жөн-ақ.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді