Қазақ арулары арасынан шыққан тұңғыш кәсіпқой боксшы, WIBA, WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, жерлесіміз Фируза Шарипова келесі жекпе-жегін Алматыдағы «Алматы Арена» спорт кешенінде өткізетін болды. Шайқас 17 желтоқсанға жоспарланған. Басты жекпе-жекте қазақстандық боксшы екінші жартылай жеңіл салмақта сынға түсіп, чемпион атануды көздейді. Егер осы шайқаста Фируза жеңіс тұғырынан көріне білсе, ол арулар арасында елімізден шыққан тұңғыш екі салмақтағы әлем чемпионы атанып, тарихқа түзету енгізеді. Фируза бұған дейін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткен бокс кешінде болгар қызы Милена Колеваны ұтып, әлем чемпионы атанған болатын. Оның ендігі арманы – өзге салмақтарда топ жару. Бұл туралы Фирузаның менеджері Сергей Завилейский де тіліне тиек еткен. Жамбылдық боксшының желтоқсандағы жекпе-жекте кіммен жұдырықтасатыны әзірге белгісіз. Ең бастысы өз елімізде өтетін шайқаста Фирузаның көк Туымызды көкте желбірететініне сеніміміз мол. Алғаш Қанат Ислам сынды саңлақтың мерейін тасытқан «Алматы Арена» спорт кешеніне жиналатын жанкүйерлер Фирузаны да қолдаусыз қалдырмасы анық.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




