Гүлмира Дембаева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Рухани жаңғыру жөніндегі ұлттық комиссия бұрынғы Кеңес одағы аумағында латын графикасына көшкен түркі елдерінің тәжірибесіне жан-жақты талдау жүргізді. Алғаш шешімді 1991 жылы қабылдаған Әзірбайжанда жаңа әліпби бастапқыда толыққанды қолданыла қоймаған. Жағдайды түзету үшін қатаң шаралар қолданылып, қосымша жарлықтар мен өкімдер шығарылған. Мемлекет басшысының осындай тарихи шешімді қабылдаған 9 тамыз күні елде Ана тілі мен жазуының күні болып белгіленді.
Түркімендер әліпбиді 1993 жылы республикаға Түркия президентінің келуімен орайлас ауыстырды. Дәл сол жылы Өзбекстан да латын әліпбиіне көшті, бірақ түрлі себептерге байланысты көшу жұмысын екі жылға ұзартуға тура келген. Ал Түркияда Ататүрік кезінде аса қысқа мерзімде, бір жылға жетер-жетпес уақытта әліпбиді ауыстыра салған. Алайда, сарапшылар реформаларды жедел өткізгенімен, үнемі оң нәтижелер бола бермейтінін алға тосып отыр. Сондықтан, біздің жағдайымызда мұндай аса маңызды тарихи оқиғаға ғылыми қағидаттарға сүйену, қазақ жазуын жаңғырту кезеңдерін жоспарлау тұрғысынан қарау шешімі қабылданып отыр, яғни оны кезеңдестіріп, жоспарлы, жүйелі, әдістемелік жағынан салыстыра, асықпай-аптықпай және науқаншылыққа бой алдырмай жүргізген абзал. Мемлекет бұл үдерістің тиімді өтуін қиындатпау мақсатында және еліміздің әр азаматы үшін қажетті шараларды қамдауы тиіс. Бүгінде латын графикасының жаңа, яғни қазақ әріптерін үтір арқылы жазу нұсқасы ұсынылып, ол жұртшылық тарапынан кең қолдау табуда. Бірақ, мұнда айта кететін бір мәселе, әрбір қазақ әрпінен соң үтір қою олардың арасын бөліп жіберетіндіктен, үтірді әріп үстіне қою туралы ұсыныстар айтылуда. Бәлкім, етек-жеңі жинақы сол нұсқа дұрыс шығар. Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




